Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Имамдарға Ихсан ілімі түсіндірілді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 21.04.2021 2867 0 пікір
Шымкент: Имамдарға Ихсан ілімі түсіндірілді

ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру орталығында кәсіби қайта даярлау және біліктілікті көтеруге арналған 12 күндік онлайн және офлайн семинары ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров қатысып, курсқа қатысқан имамдарға сертификат табыс етті.

Семинарда Құран және тәжуид, ақида негіздері және шариғат үкімдері пәндерінен дәріс оқылады. Сонымен қатар, Ихсан ілімі бағытында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Имамдарға білікті ұстаздары Нұрсұлтан Мамадалиев, Ералы Есенгелдиев және Мейірбек Сәрсенбаевтар дәріс берді. Кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған 12 күндік курс жұмыстары алты айға дейін жалғастыру көзделуде. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру