Пандемия жағдайы кезінде ақ халатты абзал жандардың қызметі қоғамда ерекше орын тапты. Медицина қызметкерлері адамдардың өмірін арашалап, өз бастарын бәйгегеге тігіп, үлкен тәуекелге барып ем-дом жасады.
Осыған орай, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Берекелі Рамзан сыйы жобасы» аясында Республика көлемінде медицина мамандарына арнайы құрмет көрсетуді тапсырған болатын.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры биылғы қасиетті «Рамазан» айының алғашқы жұмасын «Өмірге үміт сыйла» атты акциясына арнады.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі имамдары жұқпалы дертпен аянбай күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қасиетті Рамазан айында қайырымдылық себеттерін үлестірді.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті бастаған қала, аудан және ауыл мешіттерінің атсалысуымен 134 медицина қызметкерлеріне жалпы көлемі 1 тонна 283 келі азық-түлік қоржындары қайырымдылық ретінде үлестірілді.
Осылайша дін қызметкерлері жомарт жамағаттың демеушілігімен денсаулық саласы мамандарына өздерінің шынайы лебіздерін білдірді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
20.04.2021
3188
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру