Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Ауызашар және сәресі қоржындары үлестірілді

azan.kz 20.04.2021 2979 0 пікір
Алматы: Ауызашар және сәресі қоржындары үлестірілді

Алматы қаласы Бостандық аудандық «Байкен» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігінде ораза ұстап жатқан мешіт жамағатына, мұқтаж отбасыларға «Ауызашар қоржыны» үлестірілді.

Діни басқармаға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен ауызашар және сәресіге қажетті азық-түлікпен қамтылған қоржындар 300 отбасыға таратылды.

Сонымен қатар, «Өмірге үміт сыйла» жобасы негізінде медицина қызметкерлеріне азық-түлік жеткізіліп берілді.

«Қайырымдылық көрсетіп жатқан жанашыр жандарға Алла разы болсын! Алла Тағала кәсіптеріне береке берсін!» деп мешіт имамдары ізгі тілегін жолдады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру