Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Қыздар арасында Құран жарысы өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 20.04.2021 3029 0 пікір
Маңғыстау: Қыздар арасында Құран жарысы өтті

Алла Тағала «Бақара» сүресiнiң 185 аятында: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы, ақ пен қараны айырушы ретiнде Құран түсiрiлген ай» дейді. Қасиетті кітап түскен айдың құрметіне Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінде әйел жамағаты арасында Құран жарысы өтті.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, сондай-ақ әйел жамағаты арасында әл-Китабтың яғни, Құран Кәрімнің қадір-қасиетін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған облыстық жарысқа Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінің ұстазы Мұңайтпасова Айдана, Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінің ұстазы Ұлболсын Әлеухан және Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінің ұстазы Әйгерім Шарханқызы сияқты білікті дін қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы төрелік етті.

Жарыс ережелеріне сай қасиетті Құранның «Фәжр» сүресінен бастап «Нас» сүресі аралығында, бірінші кезеңде билет бойынша келген сүрелерді жатқа оқу, екінші кезеңде қазылар тарапынан берілген аятты жалғастыру, үшінші кезеңде қазылар тарапынан берілген аятты тәжуид ережелері бойынша талдау керек болатын.

Аталған шарттардан сүрінбей өткен қатысушылар әділ қазылар тарапынан үздік деп танылып, жарыс нәтижесі бойынша орындар келесідей бөлінді:

1-орын Сәрсенова Әмина (Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің мешітінің жамағаты).
2-орын Салықова Нүргүл (Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінің жамағаты).
3-орын Ишаманова Күмісай (Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінің жамағаты).

Жүлделі орынға ие болған шәкірттерге диплом мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Жарыс соңында, қатысушылар, осы іс-шараны ұйымдастырған Маңғыстау ауылдық «Миғраж» мешітінің ұстазы Ұлболсын ханымға жылы лебіздерін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру