Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау облысында бір күнде 1000 ауызашар қоржыны таратылды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі iman.kz 19.04.2021 3272 0 пікір
Атырау облысында бір күнде 1000 ауызашар қоржыны таратылды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне бүгін Атырау облысы мешіттерінде бір сәтте 1000 ауызашар қоржыны таратылды.

Оның ішінде орталық «Иманғали» мешітінің өзінде 500 қоржын үлестірілді. Бұл жолы орталық мешіт көше тазалықшыларына, аналарға және мешітке келуші жамағатқа құрмет көрсетіп, ауызашар қоржындарын табыс етті.

Қалған 500 дана осындай қоржындар қала және аудан, ауыл мешіттерінде жамағатқа үлестірілді.

«Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығының жоғарылауына байланысты, ауызашардың осындай балама форматын ұйымдастырып отырмыз. Мешіттерімізде бес уақыт намаз карантин талаптарын сақтай отырып өткізілуде. Атырау облысы «қызыл аймақта» тұрғандықтан, Тарауық намазы оқылып жатқан жоқ. Жамағатты жағдайға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Оразамыз қабыл болсын!» дейді Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру