ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Тайқазан» жобасының аясында қасиетті Рамазанның алғашқы аптасында 600 мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді.
Бұл аса сауапты іс жөнінде Өскемен аймағы «Зекет және қайырымдылық қорының» жауапты өкілі Берік Кәдірұлы: «Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық іс-шарасын үзіксіз өткізуді жоспарлап осы бағыт бойынша жүйелі шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Бұл игі іске аудан, қала мешіттері, ерікті жастар, жамағаттар өкілдері, жалпы дін қызметкерлері аса белсенді қатысуда» деп ерекше атап өтті.
Рамазанның алғашқы аптасында өңір бойынша бір шәкірттің оқу ақысы төленді және «қолдан қолға» жобасымен 15 адамға зекет таратылды. Сонымен қатар Ұлан аудандық «Мұса баба» мешіті қарттар үйіне көмек көрсетті. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында 2 ірі қара, 3 қой құрбан шалынып, еті таратылды. Игі шара алдағы уақытта да жүйеді жалғасын табады.
Көмекке ие болған отбасылар «Зекет және қайырымдылық» қорына алғыстарын білдірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
19.04.2021
3099
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру