Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» жеткізілді

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 19.04.2021 2202 0 пікір
Павлодар: 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» жеткізілді

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап ҚМДБ Павлодар облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен және жамағаттың демеуімен Павлодар қаласындағы ораза ұстаған жандарға «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ауызашар қоржындары дайындалуда.

Рамазан айының алғашқы аптасында облыстық «Мәшһүр Жүсіп» және қалалық «Ақмешіт» мешітінің ұйымдастыруымен Павлодар маңындағы 4 ауылдың 100 отбасына «Рамазан қоржыны» жеткізілді. Сонымен қатар індет таралуының алдын алу мақсатында ауызашар беруге ниетті жандарға имамдар тарапынан аталмыш жобаға үлес қосуы насихатталып жатыр.

«Сауапты іс-шараларға қатысқан мешіт жамағаты мен белсенді еріктілерге алғыс айтып, ризашылық білдіреміз. Ұстаған оразаларыңыз, жасаған құлшылықтарыңыз, берген садақаларыңызды Алла Тағала қабыл етсін!» деп бас имам Жолдас Қоспақұлы Рамазан айымен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру