Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Muftiyat» баспасының директоры, «Ихсан. Рухани тәрбие» бағытының жауапты жетекшісі Мұрат Әбдіхалықов Сыр имамдарымен кездесіп, «Рухани тәрбие ихсан ілімі» тақырыбында семинар өткізді.
Аймақтың бас мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен семинарға өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған мешіт имамдары қатысты.
Имамдарға арналған рухани семинарда Мұрат Манапұлы Хәкім Абайдың кемел адам концепциясы аясында ихсан ілімі туралы дәріс оқып, имамның тұлғалық келбетін сипаттап берді. Сөз соңында сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
19.04.2021
3063
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру