Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Рудный мешіті ауызашар қоржынын таратты

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 19.04.2021 2996 0 пікір
Қостанай: Рудный мешіті ауызашар қоржынын таратты

Бас мүфти бастамасымен елдегі пандемия жағдайына байланысты Қостанай облысының мешіттерінде де ауызашар қоржындары мұқтаж отбасыларға таратылуда.

Айталық, Рудный қалалық «Нұр» мешіті орай әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы аналарға көмек қолын созып, «Рамазан шуағы» атты қайырымдылық шарасында 40 отбасыға азық-түлік салынған «Ауызашар қоржыны» таратты.

Қайырымдылық шарасының мақсатын мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев: «Жұқпалы індеттің өршіп кетпеуінің алдын алу мақсатында биыл да ауызашарлар көпшілікті жинамай, тек осылай таратумен жүзеге асуда. Бұл өмекке мұқтаж жандардың аз да болса көңілін көтеріп, қолтығынан демеу» деп түсіндірді.

Кейін мешітке жиналған аналарға Рамазан айының ерекшелігі, оразаның пайдасы және сондай-ақ ұстамдылық, сабырлылық жайлы насихат айтып, рамазанмен құттықтады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру