ҚМДБ бекіткен рухани тәрбие Ихсан ілімін насихаттау бағытында Өскемен аймағы мешіттерінде бірқатар іс-шаралар атқарылып жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық «Мұхамади» мешітінің бас имамы Ибраһим Қарнақбайұлы мешіт қызметкерлеріне рухани тәрбие жайлы насихат айтты.
Бас имам: «Ихсан сөзі ізгілік, игілік, жақсылық деген мағынаны білдіреді. Немесе әр нәрсені толық әрі, көркем түрдеатқару дегенге саяды. Қазіргі күрделі қоғамда адам ішкі рухани мәдениетін бекемдеп, сана тәрбиесіне мән беруі аса маңызды. Рухани тәрбие адам санасында парасат қалыптастырады. Асыл дініміздің парасатқа үндейтін көркем мінезге жетелейді» деп атап өтіп, рухани тәрбиені дамыту, жамағатқа осы бағытта насихат айтудың маңызына тоқталды.
Мешітте рухани тәрбие ілім бойынша насихат айту кестесі бекітіліп, жоспары талқыланды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
18.04.2021
3031
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру