Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек Қыстаубаев Орал орталық мешіті жанындағы Ақсақалдар алқасының мүшелерін арнайы қабылдап, Рамазан айымен құттықтады.
Алдымен қасиетті Құран Кәрім оқып, ата-баба аруағына арнап, дұға жасалды. Облыс имамы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан ақсақалдарды мұсылманның ұлық мерекесі – Рамазан айымен құттықтап, қажы аталар мен әжелермен рухани әңгіме-дүкен құрып, арнайы сыйлық табыстады.
Ақсақалдар алқасының төрағасы Нәдір қажы Абдукаев ақ тілегін айтып, қасиетті Рамазан айында арнайы кұттықтап, ыстық ілтипат білдіргені үшін Бас мүфти мен бас имамға алғыс білдірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
17.04.2021
3303
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру