Қостанай облысы Рудный қаласының «Нұр» мешітінде Рамазан айының құрметіне әйел жамағаты арасында «Зейін» атты интеллектуалдық ойын сайысы өтті. Сайысты мешіттің Әйел-қыздар секторының жетекшісі Аяулым Смағұлова ұйымдастырды.
Сайысқа ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Қостанай облысындағы жетекшісі Жансая Салауатқызы және облыстық мешіттің хатшысы Ботагөз Бейімбетқызы қатысты. Білім мен парасат деңгейі сарапқа түскен жарыс сұрақ-жауап, пікірлесу, талдау, әңгімелесу, ынталандыру секілді бағыт бойынша жүргізілді. Оған 15 адам қатысты. Олар жас айырмашылығына қарай үш топқа бөлінді. Ойын барысы 3 кезеңді қамтыды. Мешіт шәкірттері өздерінің терең білімін көрсетті.
Сайыс қорытындысында облыстан арнайы шақырылған қонақтар қатысушыларға тәрбиелік-тағылымды уағыз-насихат айтып, жеңімпаздарды марапаттады.
Осынау интеллектуалдық сайысты ұйымдастырған сектор басшысы Аяулым Ермекқызы өз сөзінде мұндай ой-өрісті дамытатын жарыстар қатысушылардың өздеріне деген сенімін арттырып, оларды тың ізденістерге, имани тәлім-тәрбиеге талпындыратынын баяндады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
17.04.2021
3054
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру