Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: 1000 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 17.04.2021 2922 0 пікір
Шымкент: 1000 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді

Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы  жалғасын табуда.

Кезекті қайырымдылық эстафетасын «Отау Строй» ЖШС және «Алаш» ЖШС әмбебап-базар басшылығы тарапынан қолдау тауып, жүзеге асырылды. Қала әкімдігімен бірлесіп жасалған тізім бойынша көмекке мұқтаж 1000 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды. 

Мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізіп беру жұмыстарын қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Жастар ісі секторы мүшелері мен ерікті азаматтар жұмылдырылды.

Айта кетсек, көмек алушылардың базасы жасалып, қала бойынша «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы қаладағы «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе», «Сайрам», «әл-Біләл» мешіттері таңдалып, орталықтандырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру