ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облыстық бас санитар дәрігері Қанат Турдиевке облыстық «Халифа Алтай» мешітінен қасиетті Рамазан айында вакцина егу пунктін ашуды ұсынған болатын.
Осы ұсыныс нәтижесінде 16 сәуірден бастап мешітте қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған мамандандырылған вакцина егу пункті ашылды. Бұл пункт қасиетті Рамазан айы бойында тұрақты жұмыс істейді. Бұл туралы бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Қасиетті Рамазан айында мешіттен вакцина егу орны ашылды. Рамазан айында мешітке келушілер, халық көп болғандықтан, вакцина алуға емханаларға барып уақыт жоғалтпасын деген ниетпен осы орталықты ашып отырмыз. Бұл тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жасалды. Екіншіден, бұл вакцина егуді жеделдетуге барынша көмек болады» деп атап өтті.
Егу пункті ашылған сәтте-ақ вакцина алуға ниет білдірушілер қарасы мол болды. ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қанат Турдиев: «Кейбіреулер ауруханаға, емханаға барғысы келмейді. Барлығы ұйымдастырылған және өте ыңғайлы. Бұл егу пунктіне «Ана мен бала орталығынан» арнаулы жабдықтар әкелінген. Егу пункті санитарлық ережелерге сәйкес» деді.
Егілуші күту аймағында вакцинациядан кейін 30 минут медициналық бақылауда болады. Вакцина егу алдында дене температурасын өлшеу, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурация, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу және дәрігердің міндетті тексеруі жүргізіледі.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
17.04.2021
2628
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру