Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Павлодар облысы Павлодар ауданы Набережный ауылындағы «Нұржаусын» мешітінде жолаушылар үйі ашылды.
Бұл ауыл Майқапшағай-Омбы трассасы деп аталатын, еліміздің солтүстік шығыс облыстарын түгелімен қамтыған, жолаушылар толассыз ағылап жататын күре жолдың бойында. Сондықтан да ауыл мешітінде жолаушылар үйі бар екенін ескертетін белгі арнайы жасалып жолдың екі бағытына да орналастырылды.
«Ауылымыз байырғы қонақжай салтымызды сақтаған қазақтар көп тұратын ауыл. Қандай бір жағдайға байланысты жол кедергісіне ұшырап, жолда қалған жолаушыларға қол ұшын беруге әрқашан дайынбыз. Мешітімізде ашылған жолаушылар бөлмесінде жолаушылардың тынығып алуына барлық жағдай жасалды. Олар мешіттегі арнайы бөлмеге орналасып бір сәт тынығып, дәрет алып, сапар намазын оқып, ыстық шәй қайнатып ішіп немесе жеңіл сусын, жеңіл ас мәзірімен тамақтанып, шаршауын басып, мүмкін аздап мызғып алып, ары қарай сапарын жалғастыра беруіне болады. Тіптен көлігі бұзылып далада қалып жатса, түнеп кетуіне де болады» дейді «Нұржаусын» мешітінің имамы Оспанов Болат.
Айта кетейік, алыс жолдан шаршап, шалдығып келе жатқан жолаушыларға қол ұшын беру, тамақ-сусын ұсыну, оларды тынығып демалуына мүмкіндік жасау – исламдағы сүннет амал. Сонымен қатар дәстүрін дінмен ұштастыра білген халқымыздың ежелгі ұстанымы.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Павлодар облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
17.04.2021
2625
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру