ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің Жастар ісі секторы ерекше іс-шара ұйымдастырды. «Құс жолы» деп аталатын бұл игі акцияның аясында Өскемен қаласында жыл құстарына ұя орнатылды.
Өскемен қалалық және аудандық мешіттер 40-тан астам ұя жасап, оны қала ішіндегі орманға орнатты. Бұл туралы өкілдіктің жастар ісіне жауапты маманы Аслан Абаков:
«Дінімізде құстарға жан-жануарға қамқорлық танытудың өзі зор сауап делінген. Сондықтан жылы жақтан келіп жатқан құстарға арнап ұя жасадық. Бұл іске аудан, қала мешіттері ерекше ат салысты» деп атап өтті.
Ұя орнату ісіне мешіт қызметкерлерімен қатар ерікті жастар қатысты. Бұл шара алдағы уақытта өңірдің барлық аудандарында жалғасады деп жоспарланып отыр.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
16.04.2021
3127
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру