Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына арнаған үндеуінде пандемия кезінде санитарлық сақтық шараларының қатаң сақталуы, биылғы Рамазан айының ерекшелігі жан-жақты айтылған. Сонымен қатар ораза айы кезінде неден тыйылып, неге рұқсат берілетіні де үндеу сөзге арқау болған-ды.
«Ауыз бекіткен адамдарға екпе алуға бола ма?» деген сауалға да толымды жауап берілді. Онда пандемия дертінің бетін қайтару үшін алдын ала екпе алу оразаны бұзбайтыны тілге тиек етілді.
Ақмола облыстық Науан хазірет мешітінде бас имам Қуаныш қажы Сәбиттің бастамасымен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық мекеме арасында келісім жасалып, арнайы екпе кабинеті ашылды. Екпе кабинеті Рамазан айы бойы халыққа қызмет ететін болады. Бұл да коронавирус дертінің бетін қайтаруға үлес қосатыны сөзсіз. Жергілікті денсаулық сақтау орындары да бұған қолдау білдіреді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nasihat.kz
15.04.2021
2938
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру