ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі Рамазан айының құрметіне арнайы кітапша әзірлеп, оқырманға ұсынды. «Оразаға қатысты 150 сұрақ» және «150 вопросов о посте» атты кітапшалар 17 000 таралыммен жарық көрді.
Кітапша Қазақстан ҚМДБ-ға қарасты «Муфтият» баспасында басылды. Кітапшаның басты ерекшелігі – жинақта жұрттың көкейінде жүрген оразаға қатысты 150 сауалдың жауабы берілген. Ораза ұстаушының өзін толғандырған сауалына жауап таба алады.
Бұл шағын еңбекте қасиетті Рамазан айына қатысты көпшілікті толғандыратын сұрақтардың жауаптары топтастырылған. Оразаның түрлері мен шарттары, оразаны бұзатын және бұзбайтын амалдар, қадір түнін күту, иғтикафта отыру, жолаушы мен науқасқа қатысты және әйел кісілерге тән тұстары қамтылған. Сондай-ақ зекет пен пітір садақа жайлы да сауалдардың жауабы берілген. Кітапша жалпы оқырманға арналған.
Сонымен қатар зиялы қауым мен БАҚ өкілдеріне және мекеме басшыларына Бас мүфти атынан Рамазан айымен құттықтау хаттары таратылып, мешіттерде ораза кестесі халыққа тегін үлестірілуде. Бұдан өзге оразаға қатысты сауалдарына жауап іздегендерге «Рамазан 2021» мобильді қосымшасы арнайы іске қосылды. Ол бағдарламаны Play market арқылы смартфонына жүктеп алып, сенімді діни ақпарат көзінен мағлұмат алуға болады.
ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі «Оразаға қатысты 150» атты кітапшасының республика көлемінде таралуына қолдау білдірген Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстары және Өскемен аймағы мен Семей өңіріндегі өкілдіктерге шынайы алғыс білдіреді. Алла Тағала баршамызға кемшіліксіз ораза ұстауды нәсіп еткей!



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
15.04.2021
3354
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру