Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: 367-баспана жалғызбасты анаға берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 14.04.2021 2956 0 пікір
Түркістан: 367-баспана  жалғызбасты анаға берілді

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 367-баспана кілті берілді

Жаңа баспана Түркістан қаласының тұрғынына табысталды. Пәтер иесі Маржан Үсенова – асыраушысынан айрылған, екі баланың анасы. Бұл отбасыға үй толық жасау-жабдығымен тарту етілді.

367-баспананың кілтін Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов табыстады. Қала имамы Ұлықбек Әлиакбарұлы Рамазан айында 3 үй беру жоспарланғанын айтты. Түркістан қалалық орталық мешітінің зекет және қайырымдылық бөлімінің жетекшісі Жаһангир Абдуалиев үйге ақша көпшіліктің зекет және садақа есебінен жиналғанын атап өтіп, қол ұшын созған азаматтарға ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру