Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент имамдары оразаның бірінші күні вакцина салдырды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 14.04.2021 2759 0 пікір
Шымкент имамдары оразаның бірінші күні вакцина салдырды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласындағы өкілдігіне қарасты мешіт имамдары қалалық №13 емханада Рамазан айының бірінші күні коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды.

Вакцина салдыруға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, Абай ауданының бас имамы Бердалы Жәміш, әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек,  Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров  бастаған бір топ имам барды.

«Құрметті мұсылман жамағат! Қасиетті Рамазан айының бірінші күні өзімнің және халықтың денсаулығы үшін алаңдап, алдағы уақытта жағдай жақсарсын деген жақсы ниетпен бір топ имам болып вакцина салдырдық. Алдағы уақытта жағдайымыз жақсарып, қалыпты өмірге келуі үшін жұмыла күресуіміз керек. Мешіттер ашылып, құлшылық ғибадатымызды жасасақ дейміз. Бұл вакцина адам баласына қажет азық немесе ағзаға қуат беретін дәрумен емес. Сондықтан адам денесіне инемен екпе егу оразаны бұзбайды» деп жергілікті БАҚ өкілдеріне қаланың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы мәлімдеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы мешіттерде 260-қа тарта имам бар. Жергілікті діни қызметкерлердің барлығы ораза кезінде індетке қарсы вакцина салдыруды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру