Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ОРАЗАМ» ҮЗДІК ЭССЕ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

ummet.kz 14.04.2021 3476 0 пікір
«МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ОРАЗАМ» ҮЗДІК ЭССЕ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Елордадағы «Нұр Астана» мешітінің ummet.kz сайты Рамазан айының құрметіне «Менің алғашқы оразам» атты үздік эссе байқауын жариялады.

Байқаудың мақсаты – қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін арттыру, ғибратты, оқиғалы шығармалар арқылы оқырмандарға мотивация сыйлау дейді ұйымдастырушылар.

Байқаудың шарттары: Байқауға кез-келген жастағы ниет білдіруші (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны) қатыса алады.

Қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Байқауға қатысушы өз өмірінен өткен оқиғалар желісі бойынша немесе алғашқы ораза ұстағандағы әсерімен «Менің алғашқы оразам» тақырыбында эссе (ой-толғау) жазуы тиіс;
  • Қатысушылар шығармаларын baiqau@ummet.kz электронды почтасына жолдауы керек;
  • Байқау мерзімі 2021 жылдың 13 сәуір мен 12 мамыр аралығын қамтиды.
Эссеге қойылатын негізгі талаптар:

Шығарма, яғни эссе ғибратты оқиғаға құрылуы тиіс;

Өзгелердің Рамазанға деген құлшынысын оятуды мақсат тұтуы қажет.

Бағалау мынадай критерийлер бойынша жүзеге асады:

– Ойдың тиянақты болып, ұтымды тұжырым айта білуі;

– Шариғат талаптарына қайшы келетін дүниелердің айтылмауы.

Байқау сыйлықтары:

І орын –  Қазақша Құран және арабша Құран, арнайы әзірленген сыйлық пакеті;

ІІ орын – Қазақша Құран;

ІІІ орын – Арнайы әзірленген сыйлық пакеті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру