Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: 300 адамға ауызашар қоржындары тарту етілді (Видео)

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі iman.kz 14.04.2021 3403 0 пікір
Атырау: 300 адамға ауызашар қоржындары тарту етілді (Видео)

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде 300 адамға ауызашар қоржындары тарту етілді.

Осылайша, мешіттерде карантин талаптарын сақтай отырып, ауызашар беру рәсімі қашықтықтан ұйымдастырылып отыр.

«Отыз күн оразада ауызашар қоржындары аналарға, әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне таратылады. Сонымен бірге, дәрігер, өрт сөндірушілер сынды адам өмірінің қауіпсіздігі үшін күні-түні еңбек етіп жүрген бүгінгінің батырларын да Рамазан қоржындарымен қуанту жоспарда» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, биыл ораза отыз күн. Пандемияға байланысты, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына орай, «қызыл аймақта» тұрған өңірлерде Тарауық намазы оқылмайды. Десе де, санитарлық талаптарды сақтай отырып, мешіттерде бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілген.

Пітір садақа мөлшері – 420 теңге. Пітір садақаны «kaspi.kz» мобильді қосымшасы  арқылы онлайн форматта беруге де болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру