Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Бас имам журналистермен жүздесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 14.04.2021 2155 0 пікір
Өскемен: Бас имам журналистермен жүздесті

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы «Шығыс Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызметінде» қасиетті Рамазан айына арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Шараға облыс орталығындағы БАҚ өкілдері қатысты.

Бас имам тілшілер қауымына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ел мұсылмандарына арналған үндеуін оқып таныстырды. Ермек Қасболатұлы барша мұсылманды он екі айдың сұлтаны Рамазан айының келуімен құттықтап, биылғы оразаға қатысты ақпаттарды жариялады.

«Биылғы Рамазан айы індет жайылған карантин уақытындағы күрделі кезеңмен тұспа тұс келіп отыр. Барлық діни шараларды жасау барысында карантин талаптары мейілінше қатаң сақталатын болады. Рамазан айында сауапты амалдарды көбірек жасау аса маңызды. Рамазан айында адам өзінің рухани жан-дүниесін жат әдеттерден тыйып, мейірімділікпен имандылыққа жақындауы керек» деп атап өтіп, қасиетті Рамазан айында өңірде «30 күнге 30 шара» атты жоспар аясында тағылымдық-рухани шаралардың ұйымдастырылатындығын жеткізді. Рамазанда тегін такси шығады. Сонымен қатар қарттар үйі, балалар үйлеріне қайырымдылық жасалады» деді.

Бұдан бөлек журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ мәслихат барысында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы және Өскемен аймағы бойынша «Зекет және қайырымдылық қорының» өкілі Берік Кәдірұлы облыстық мешітте арнаулы «Рамазан ақпарат бұрышы» ашылғандығын жеткізіп, оразаға байланысты барлық сауалдарға ақпар мәліметтерді кез келген уақытта алуға алуға қолжетімді екендігін айтты.

Сөз соңында Ермек Қасболатұлы күллі мұсылмандарды берекелі Рамазан айымен құттықтап, індеттің айығуын тілеп, халқымызға татулық, берекеті үшін дұға жасады. Баспасөз мәслихатының соңынан өкіл имам жергілікті телеарналарға сұхбат бердіп, Рамазан айының шарапаты және өңірдегі діни ахуал туралы баяндады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру