Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: 300 отбасыға 8 тонна азық-түлік таратылды

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті iman.kz 14.04.2021 2086 0 пікір
Талдықорған: 300 отбасыға 8 тонна азық-түлік таратылды

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі өкілдігі демеушілердің қолдауымен орталық «Иман» мешіті және қалалық «Жетісу» мешітінде «Рамазан сыйы» атты акциясын ұйымдастырып, 300 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Арнайы ұйымдастырылған шараға, өңірдің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы қатысып, Жетісу жұртшылығын Рамазан айымен құттықтап әрі мешітке өтініш жазған мұқтаж отбасылардан тыс 5 уақыт намазға келуші жамағаттың жұбайларына және мешіт қызметкерлеріне (күзетші, тазалықшы, аула сыпырушы) азық-түлік себеттерін өз қолымен табыс етті.

Айта кетейік, азық-түлік себеттері салынған қорап 10 кг ұн, 5 кг күріш, 5 кг кеспе, 5 литр май және 1 кг тұзды қамтыды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру