Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада 1500 отбасыға ауызашар қоржыны таратылды

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 14.04.2021 2333 0 пікір
Елордада 1500 отбасыға ауызашар қоржыны таратылды

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні елорда мешіттері 1500 отбасыға ауызашар қоржындарын жеткізіп берді.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде басталған «Рамазан шуағы: Ауызашар қоржындарын тарату» шарасы жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов мәлімдеді.

Демеуші азаматтардың, жанашыр жамағаттың атсалысуымен қаладағы 12 мешіт рамазан айы бойы күн сайын осы көлемдегі ауызашар қоржындарын мұқтаж жандардың мекенжайларына жеткізіп отырмақ.

Рамазан айының алғашқы күні екінті намазынан соң «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы басқосу өтіп, бас имам Ерболат Жүсіпов еріктілер тобына ақ батасын арнап, сауапты іске сәттілік тіледі.

Арнайы аппақ қорапшамен қапталған ауызашар қоржындарында екі түрлі ыстық тамақ, сусын, салат және түрлі жемістер салынған.

Аталмыш шараға атсалысып, Алла разылығын іздеп, мұсылман бауырыңызға ауызашар бергіңіз келсе, мына нөмірге хабарласуға болады: 8 707 622 69 22.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру