Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің шығармашылық ұжымы қасиетті Рамазан айына орай «Тәубе» қысқаметрлі фильмін көрермен назарына ұсынды.
Жаңа фильмді интернет қолданушылары жылы қабылдауда. Фильм күнделікті өмірде орын алып жатқан боямасыз тірлікті көрсетеді. Бес күндік дәуреннің қызығына буланып, ашкөздікке бой алдырып, Жаратушыны ұмытқан бас кейіпкер қалай тәубесіне келеді? Фильм осы сұраққа жауапты көрсетеді.
«Бұл жердегі мақсат көрерменге ой салу болды» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы. Қысқаметрлі фильмнің режиссері, қоюшы операторы – Асхат Тантаев. Сценарий авторы – Баян Жанұзақова. Басты рөлде елімізге белгілі театр актері Нұрбек Мадиев ойнайды.
Фильмді орталық «Иманғали» мешітінің ютуб желісіндегі ресми каналынан көруге болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
amin.kz
13.04.2021
3050
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру