Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз брифингін өткізді.
Бас имам есігімізден енгелі тұрған қасиетті Рамазан айындағы ораза тұту мен өңір мешіттерінің қызметіне қатысты сұрақтарға жауап берді.
«Рамазан айында Ақтөбе мешіттері ашық болады. Құран оқыту, неке қию және бес уақыт намаз оқу сынды діни рәсімдер санитарлық талаптарды сақтай отырып орындалады. Жұма және тарауих намаздары оқылмайды. Пандемияға байланысты Рамазан айындағы насихат жұмыстары онлайн түрде жүргізіледі.
Аптаның әр күні сағат 18:00-де «Нұр Ғасыр» мешітінің «nur_gasyr» инстаграм парақшасында онлайн дәрістер өтеді. Дәріс кезінде оразаға қатысты мәселелер, көркем мінез, тақуалық таныту, мешіттердің пандемия кезіндегі қызметі т.б. тақырыптар қозғалады.
Сондай-ақ, осы парақшада күнделікті сағат 12:00-де қарилар онлайн құран хатым түсірмек. Бұдан өзге оразаға қатысты сауалдарына жауап іздегендерге «Рамазан 2021» мобильді қосымшасын ұсынып отырмыз. Ол бағдарламаны Play market арқылы смартфонына жүктеп алып, сенімді діни ақпарат көзінен мағлұмат ала алады. Сонымен қатар Ақтөбе өкілдігі «Оразаға қатысты 150 сұрақ» және «150 вопросов о посте» атты кітапшаларды 11 000 тиражбен басып шықты. Бұл кітапшалар Рамазан айында халыққа тегін таратылады» деді бас имам.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
muftyat.kz
12.04.2021
2411
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру