Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Жетісай ауданына арнайы іс-сапармен барды
«Нұғман» мешітінде ауыл имамдарымен жүздесіп, «Ихсан ілімі», «Діни деструктивті жат ағымдардың ықпалынан сақтану» тақырыптары бойынша дәріс оқыды. Барлық аудан имамдарына ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары таныстырылып, діни танымдық кітаптар таратылды.
Сондай-ақ «Аманұлла» мешітінің жанынан Діни сауат ашу курсының (ДСАК) шәкірттеріне арналған оқу ғимараты пайдалануға берілді. 3 бөлмелі нысанды Мақталы ауылының 1984 жылғы тұрғындары салып берді. Еркебұлан Қарақұлов демеушілерге Бас мүфтидің атынан ризашылығын білдірді.
Облыс имамы Жетісай қаласында көпшіліктің демеушілігімен салынып жатқан қайырымдылық мекемесінің құрылысымен де танысты. Еркебұлан Қарақұлов сапар барысында жергілікті «Санұр» телеарнасына дін мен дәстүр сабақтастығы, Рамазан айы жайында сұхбат берді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
12.04.2021
2824
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру