Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Бас имам БАҚ өкілдерімен кездесті

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 11.04.2021 1996 0 пікір
Шымкент: Бас имам БАҚ өкілдерімен кездесті

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында қасиетті Рамазан айына орай БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырылды.

Брифинг жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов пен намб имамы әрі баспасөз қызметінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров қатысып,  ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес,  Шымкент қаласының бас мемлекеттік  санитариялық дәрігердің  және  ҚМДБ тарапынан Рамазан айының  талаптары  мен ережелері түсіндірілді.

Брифингке ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауы мен үндеуін  таныстырып, жеткізді. Мұнымен қатар, қайырымдылық шаралар,  ауызашар өткізу жәйі, тарауих оқу мәселелері т.б. сұрақтарға жауап берілді.

Брифингке жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары мен газет, журналдардың тілшілері, блогерлері қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру