Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: «Таза аула» акциясы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 11.04.2021 2635 0 пікір
Өскемен: «Таза аула» акциясы өтті

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Таза аула» акциясын өткізді.

Ізгі іс-шара Шығыс Қазақсан облысының Өскемен аймағына қарасты барлық мешіттерде атқарылып, тазалық жасалды. Мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат құлшылық үйлерінің ауласына және маңайын толық тазартты. Сонымен қатар сенбілікке С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры М.Төлеген студенттерін ертіп келіп, бастан-аяқ қатысып, сауапты іске атсалысты.

«Көктемгі тазалық акциясы өңірде қарқынды жүрді. Барлық мешіттер атсалысып, тазалық жасалды. Дінімізде тазалық иманның жартысы деген қағида бар. Сондықтан мешіт тазалығы, ауласының реттілігі әрқашан басты назарда болады» дейді Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру