Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Бас имам – Әулиекөл ауданында

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 10.04.2021 2143 0 пікір
Қостанай: Бас имам – Әулиекөл ауданында

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет пен наиб имам Әлішер Ертайұлы арнайы іссапармен Әулиекөл ауданында болды.

Алдымен олар аудан әкімі Ерлан Теменовпен кездесіп, алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық және жалпы діни ахуалмен танысты. Аудан басшысы әңгіме барысында болашақта жергілікті мешіттің заман талабына сай абаттандырылып, намазхандардың алаңсыз діни рәсімдерді жүзеге асыруына қолдау көрсететіндігін баса айтты.

Бахытбек Нұрғабылұлы осы сапарында Әулиекөл селосындағы жол бойында орналасқан мешітке арнайы барды. Ондағы Бас мүфти бастамасына сәйкес ашылған жолаушы бөлмесінің жай-күйімен, жалпы мешіттің ішкі тынысымен танысты.

Сондай-ақ ауданның бас имамы Нұрлан Сыздықовқа жемісті қызметі үшін дән ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да жауапты жұмысында табыстан-табысқа жете беруіне тілектестігін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру