Атырау облысының Мақат аудандық орталық мешіті қасиетті Рамазан айының қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында жиырма мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды. Әрқайсысы 30 келі тартатын пакеттер қажетті азық-түлікпен толтырылған.
«Алда қасиетті Рамазан келе жатыр. Рамазан кезінде мүфтият бастамасымен іске қосылған «Қайырымдылық керуені» аясында жоспарлы түрде ізгілікті іс шаралар жалғасады» дейді Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
10.04.2021
3166
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру