Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Сұлтан: Мешітте тюрбан тігуден шеберлік сағаты өтті

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 10.04.2021 2083 0 пікір
Нұр-Сұлтан: Мешітте тюрбан тігуден шеберлік сағаты өтті

Елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Алтын ине» тегін тігін үйірмесінде бүгін әйелдердің сәнді бас киімін (тюрбан) тігуден шеберлік сағаты өтті.

Үйірме жетекшісі Рахметова Салтанаттың ұйымдастыруымен тігін орталығына белгілі қолөнерші Мақпал Исмаилова шақырылып, шәкірттермен өз тәжірибесін бөлісті.

Шеберлік сағаты аясында шәкірттер қазіргі таңда мұсылман қыз-келіншектерінің сұранысына ерекше ие болған тюрбан бас киімін тігудің жолын үйреніп, шара соңында Мақпал ханыммен бірге өздері де алғашқы бас киімдерін тігіп шықты.

Үйірме шәкірттеріне білгенін үйретіп, тігіншілік өнердің қыр-сырымен таныстырған Мақпал Исмаиловаға шара соңында арнайы алғыс білдіріп, мешіт атынан сый-сияпат берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру