Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан Нұр-Мүбарак университеті Қыздар дайындық курсының жаңа ғимаратының іргетасы қаланды. Оған ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат бастаған университет өкілдері қатысты.
Еліміздің 4 мекеніндегі 5 дайындық курсының бірі осы Талғар қыздар курсы еді. Талапкерлер санының артуына орай Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев қыздарға арналған курс мүмкіндіктерін арттырудың жолын қарастырып, бүгін оң нәтижесі көріне бастады.
«Еліміздегі жалпы жамағаттың жартысынан көбі – әйелдер қауымы. Оны біз жан-жақты саралаумен қатар, Нұр-Мүбарак университетіне келетін талапкерлерден де байқаймыз. Сондықтан бұл өте назар аударатын, көңіл бөлуді қажет ететін тенденция» деді Қайрат Құрманбаев.
2017 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан курста бір оқу жылында 50-ге дейін шәкірт тәрбиеленіп, Нұр-Мүбарак университетіне түсуге қажетті діни және ҰБТ-да тапсыратын пәндер оқытылып, оң нәтижесін беріп үлгерген еді.
Мәнсия ана Молдақұлқызы атындағы ғимарат жаңа оқу жылына дайын болуы жоспарлануда. Бұл жөнінде Нұр-Мүбарак университетінің Дайындық курстарына жауапты бас маман әрі Талғар ұлдар және Қыздар дайындық курстарының директоры Жарқын Еркінұлы атап өтті. «Игі бастаманың басында демеуші жомарт жандар мен белгілі ғалым, проректор Қайрат Құрманбаев тұрғандықтан, барынша сапалы, талапқа сай, заманауи бағытта болуын жіті қадағалау жауапкершілігі мойнымызда» деп атап өтті.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
nmu.kz
09.04.2021
3857
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру