Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: 362-баспана аудан имамына бұйырды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 09.04.2021 3055 0 пікір
Маңғыстау: 362-баспана аудан имамына бұйырды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айы қарсаңында «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 362-баспанасы Маңғыстау ауданының бас имамы Құралбай Амалбаевқа берілді.

Іс-шараға Маңғыстау аймағының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы және Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Хабибуллаұлы арнайы қатысып, имамға баспана кілтін табыстады.

Игі шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шалғай ауылдардағы дін қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету бастамасы аясында жүзеге асып отыр. Шараның мақсаты – баспанасыз дін қызметкерлерін үй-жаймен қамтамасыз етіп, барынша қолдау білдіру.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру