Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Оразаға дайындық пысықталды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 08.04.2021 395 0 пікір
Қостанай: Оразаға дайындық пысықталды

Рудный қалалық «Нұр» мешітінде аймақтық басқосу өтті. Жиында Рамазан айына әзірлік жайы қозғалды.

Жиынға Қостанай облысының Майлин аудандық «Әйет», Тобыл кентінің «Ажар», Қашар кентінің «Кәмшат ана» мешіттерінің имамдары мен Рудный қаласының «Нұр» мешітінің қызметкерлері қатысты. Басқосуда Рамазан айының ерекшелігі, оған дайындық мәселесі сөз болды. Жиында «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиев қазіргі пандемия кезінде ораза рәсімдерін өткізудің жай-күйіне тоқталды.

Аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, ораза кезіндегі іс-шаралар карантин талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылу қажеттілігі, мешіттің іші-сыртының тазалығы жайында тілге тиек етті. Ең бастысы індеттің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталу қажеттігіне бас имам ерекше тоқталып өтті.

Сондай-ақ жуырда облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет өткізген мәжілісте қаралған өзекті тақырып ортаға салынды. Өкілдік тарапынан берілген тапсырмалар жөнінде хабарлама жасалды. Басқосу соңында мәжіліске қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарды қойды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі