Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ПАВЛОДАРДА «QAMQOR-SHARAPAT» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 07.04.2021 2303 0 пікір
ПАВЛОДАРДА «QAMQOR-SHARAPAT» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының өкілдігі ашылды.

Орталықтың ашылу рәсіміне ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Камалжан Тұрдыбаев, облыстық Ардагерлер комитетінің төрағасы Рымтай Шөкеев, Павлодар қалалық ардагерлер ұйымының басшысы Кенже Кеңесбаев және осы ұйымның алқа мүшелері, қала мешітінің имамдары мен жамағат қатысты.

Камалжан Бекбосынұлы жиналған ардагерлерге орталықтың жаназа және жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында іске қосылып жатқаны туралы түсіндіріп айтты.

Келесі кезекте «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы өкілдігінің ашылуына байланысты «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде аудан имамдарының қатысуымен «Зират және зиярат әдебі» тақырыбында жиын өтті. Іс-шараға қалалық  мешіттердің имамдары офлайн  қатысты.

Бұл жиында Камалжан Бекбосынұлы «Qamqor-Sharapat» орталығының жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба екендігін, және қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру, жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек екендігі туралы кеңінен түсіндіріп, ҚМДБ-ның осы бағытта атқарып жатқан іс-қызметтеріне тоқталып, имамдар тарапынан  қойылған сұрақтарға жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру