Қарағанды облысы Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы жергілікті әйел жамағатымен кездесу өткізді.
Теміртау орталық мешітінде өткен рухани кездесу барысында Естай Айтуғанұлы апа-қарындастарымызға ҚМДБ-ның 2021 жылғы қызметінің басты жеті бағыты бойынша ақпарат бере отырып:
«ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамасына сәйкес, биыл «Ихсан» іліміне ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл рухани тәрбие жолы – ата-бабамыздың асыл мұрасы. Біз бұл іліммен тереңірек танысып, бағалай білуіміз қажет. Осыған орай, Теміртау қаласының имамдары тарапынан көптеген мақалалар жазылып, онлайн дәрістер өткізіліп жатыр», дей келе «Ихсан» ілімінің мән-маңызы туралы насихат айтты.
Кездесу соңында, әйел жамағаты рухани танымдық баяндама үшін бас имам Естай Айтуғанұлына алғыстарын айтты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
05.04.2021
3326
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру