Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Рамазанға дайындық пысықталды

ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 05.04.2021 2860 0 пікір
Ақмола: Рамазанға дайындық пысықталды

Биылғы қасиетті Рамазан айына дайындық ерекше. Енді бірер аптадан кейін барша мұсылман қауымы ауыз бекітіп, ораза ұстап бастайды.

Осы айтулы тағылым айында атқарылатын жұмыстар Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешітіне жиналған аудандар мен қала имамдарының басқосуында кеңінен әңгіме өзегіне айналды.

Жиында Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы пандемия кезінде ораза рәсімдерін өткізудің жай-күйіне жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ, жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісінде қаралған мәселелерді ортаға салды.

«Науан хазірет» мешітінің бірінші наиб имамы Серік Халиков Мүфтият тапсырмасы жөнінде хабарлама жасады.

Ал, жеті бағыт бойынша сала басшылары жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Алда атқарылар іс-шаралар жөнінде ой бөлісті. Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, ораза кезіндегі көпшілік іс-шаралар карантиндік талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылады. Атап айтқанда, мешіттерде тарауық намаздары санитарлық ережелерге сай және қысқа сүрелер оқу арқылы өтетіні белгілі болды.

Ең бастысы, коронавирустық инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталу қажеттігін бас имам ерекше тоқталып, өңір имамдарына тиісті тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру