Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Бәйдібек ауданының имамы тағайындалды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 05.04.2021 3906 0 пікір
Түркістан: Бәйдібек ауданының имамы тағайындалды

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының бас имамы болып Еркін Полатов тағайындалды.

Ол бұл орынға Қазығұрт ауданының наиб имамы қызметінен ауыстырылды. Еркін Тұрғынұлын Бәйдібек ауданының жамағатына облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы барып таныстырды.

Еркін Полатов әр жылдары Қазығұрт ауданы мен Шымкент қаласында имам болған. Қазір ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Түркістан облысы бойынша өкілі. Ол осы уәкілеттігін сақтай отырып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Бәйдібек ауданының бас имамы қызметін қоса атқаратын болады. Еркін Тұрғынұлы дін мен елге еңбек сіңіріп келе жатқан тәжірибелі, жоғары білімді имам. Отбасылы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру