Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда тағы бір қари сүйіншіленді

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 03.04.2021 2812 0 пікір
Павлодарда тағы бір қари сүйіншіленді

Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жұма намазы санитарлық талаптарға сай өткізілді.

Жұма намазы алдында облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Мәшһүр Жүсіп» қарилар даярлау орталығының шәкірті Ермек Рыстанбектің 2020-2021 оқу жылы барысында Алланың кәламы болған қасиетті Құран Кәрімнің 114 сүресін бастан-аяқ толығымен жаттап, қари болғанын жамағатқа сүйіншіледі.

Алдағы уақытта Ермек Рыстанбектің Құранды изажаға тапсыруға дайындалуы қажет екендігі, сонымен қатар ілімін одан әрі жетілдіруді мақсат ететіні туралы айтып, мешіт жамағаты мен демеушілері атынан 400 мың теңге көлемінде қаржылай сый-сияпат тапсырды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Мәшһүр Жүсіп» қарилар даярлау орталығында он шақты шәкірт білім алуда. Орталықтың бағытына сәйкес Құран, Құран тәпсірі, тәжуид, ақида, хадис секілді пәндер оқытылады.

Алла баршамызға Құран жолымен жүруді нәсіп етсін!   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру