Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өңірдің наиб имамы Құмар Қоныскерейдің төрағалығымен облыс, қала, аудан имамдарына арналған «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» алқалы жиыны өтті.
Басқосуда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай, дін қызметкерінің этикасы мен әдебі, жауапкершілігі және жұмыс барысында кездесетін өрескел әрекеттердің себеп-салдары талқыланды.
Сондай-ақ ҚМДБ бекіткен он құжаттың бірі «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» тәлімдік анықтамалығы аясында дін қызметкерлерінің міндеттері мен қызметтеріне және қоғамдық ортадағы бейнесі мен дінді көркем насихаттау шеберлігіне қатысты талаптар мен ережелер түсіндірілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
03.04.2021
2865
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру