Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Mexxi» кәмпиттері сертификатталды

halaldamu.kz 02.04.2021 4687 0 пікір
Шымкент: «Mexxi» кәмпиттері сертификатталды

Көпшілікке «Mexxi» кәмпиттерімен танылған «Nurtau distributtion company» кәмпит фабрикасы «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.

Шымкент қаласы, Тассай индустриялық аймағында орналасқан кәмпит фабрикасында «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Қазбек Сарыбаев бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, технологтар тексерісі мен лабороториялық зерттеу нәтижесінен соң «Mexxi», «Diamond», «Bibo», «Riko», «Flashgam», «Zigzag» сауда белгісімен шығарылатын тәтті өнімдері «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына» сай деп танылды.

Сарыбаев Қазбек «Nurtau» кәсіпорны қызметкерлеріне «Шариғатқа сай халал өнімдер: талаптары мен тәртібі» тақырыбында кезекті оқу-семинарын өткізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинар соңында фабрика басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстап, алдағы уақытта өз қадағалауымен тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұратындығын ескертті.

«Nurtau» дистрибьютерлік компаниясының тәтті өнімдерін еліміздің бірқатар өңірлерінен таба аласыздар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру