Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Медресе шәкірттерімен онлайн сұхбаттасты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 01.04.2021 4564 0 пікір
ШҚО: Медресе шәкірттерімен онлайн сұхбаттасты

Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің шәкірттерімен онлайн жүздесіп, сұхбаттасты.

«Өңір мешіттеріне жас мамандарды қызметке тарту – бүгінгі күннің басты талабы. Халықтың діни сауатын арттыру, Исламдағы бейбітшілік, татулық, бірлік қағидаларын және адамгершілік асыл құндылықтарды насихаттау жолында жас мамандардың өңірге қызметке келуі маңызды. Қызметке келген жас мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барынша назар аударылады» деген Ермек Қасболатұлы өңірдегі діни ахуал жайлы кең көлемде баяндап өтті.

Сондай-ақ бас имам өңірде діни мамандар жетіспеушілігі бар екенін айта келе, қазіргі таңда имамдар қажеттілігі туындап тұрған мешіттердің мәселесін шешіп жолында жергілікті әкімдіктермен байланыс орнатып жатқанын жеткізді.  

Кездесуде сонымен қатар шәкірттерге ҚМДБ-ның жеті бағыты жайлы да ақпарат берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру