Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Бірлікті ту еткен тағылымды бастама

01.04.2021 2963 0 пікір
Жамбыл: Бірлікті ту еткен тағылымды бастама

Жамбыл облысы Қордай ауданының Қаракемер ауылында тағылымды іс-шара болды. Ынтымақ, бірлік, бейбітшілік, достық аясында ұйымдастырыған іс-шараны Қарасу, Қарасай ауылдары мешіттерінің имамдары мен жамағаты қатысты.

Тағылымды іс-шара барысында аудан имамы Асқар Зәкіржанұлы Құран оқып, ауданға белгілі ақсақал Төле Аманжолұлы ақ бата берді.

Сондай-ақ Қаракемер ауылының мешіті маңына ағаш отырғызылды. Ауыл тұрғындары бұрынғы мешіт имамы Садық Далдаев ақсақалға құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. Осы күні ауыл тұрғындары арасында бұқа тартыс, гир көтеру секілді спорттық сайыстар өткізілді.

Бұдан бөлек Төле би мен Қарасай батыр бабаларымыз жайлы тағылымды қойылым көрсетілді. Тұрғындарды ынтымақ пен бейбітшілікке шақырған осындай маңызды шараны өткізген ұйымдастырушыларға, Қаракемер ауылының имамы Данияр Таубалдыға тұрғындар ризашылық білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру