Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Жиын жат ағыммен күреске арналды

Павлодар облыстық өкілдіктің баспасөз қызметі 01.04.2021 2467 0 пікір
Павлодар: Жиын жат ағыммен күреске арналды

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы Баянауыл ауданында өткен «Діни экстремизм мен тоталитарлық секталардың алдын алу» тақырыбындағы жиынға қатысты.

Жиынға аудан әкімдігінің жауапты қызметшілері, қоғамдық ұйым өкілдері де қатысты. Кездесуде бас имам Жолдас Бердімұратов дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушылардың сырт бейнесінің ерекшеліктеріне тоқталып, қоғамға, мемлекеттік қызметтегі адамға деген көзқарастары туралы мәлімет беріп, олармен жұмыс жасау, тілдесу әдістерін ұсынды.

Сонымен қатар осы жиынға қатысқан облыстық Дін істері басқармасы басшысы Д.Зәкәриянов қазіргі кездегі жаһандану үдерісі уақытында қолжетімді ақпараттар легі жастардың бойында ақпараттарды електен өткізе білу, теріс пиғылды идеологияларға қарсы тұра білетін иммунитетті қалыптастыру қажет екенін баяндады.

Ал облыстық Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гүлназ Раздықова «Интернет желісіндегі Діни қызмет саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау алгоритмі» тақырыбын түсіндірді. Қатысушылар тарапынан баяндамалар бойынша сұрақтар қойылып жауап берілумен қатар, пікірлер білдірілді.

Сондай-ақ облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы Баянауыл ауданындағы жат ағымның бірнеше өкілімен жеке кездесулер өткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру