Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Сауат ашу дәрістері белсенді жүргізілуде

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.04.2021 2621 0 пікір
Маңғыстау: Сауат ашу дәрістері белсенді жүргізілуде

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде әйелдерге арналған сауат ашу дәрістері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Мешіт ұстазы Ақмарал Қазиеваның айтуынша, әйел жамағатының Ислам дінін танып, Құран үйренуге деген құштарлықтары жоғары. Карантин шараларына қарамастан, сауат ашу дәрістеріне 38 шәкірт үнемі қатысып жүр. Шәкірттердің ең жасы 7-де болса, ең үлкені – 70 жастан асқан әже. 

«Құран әліппесі, тәжуид, фиқһ, ақида және әдеп дәрістері аптасына 5 рет өткізіледі. Сондай-ақ аптасына бір рет жамағатқа уағыз айтылып, түрлі сауалдарға жауап беріледі» дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұстазы Ақмарал Қазиева.

Ақтау мешітінде бүгінде 170-тей шәкірт сауат ашу дәрістеріне қатысып жүр. Ұстаздар сақтық шараларын сақтай отырып, белгіленген кестеге сай білім беруде. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру