Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Бас имам Сайрам ауданында болды

yassi.kz 31.03.2021 2903 0 пікір
Түркістан: Бас имам Сайрам ауданында болды

ҚМДБ-ның биылғы 7 жұмыс бағытының бірі – Ихсан ілімін насихаттау жұмыстары Түркістан облысы бойынша қарқынды жүріп жатыр.

Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Сайрам ауданына сапарында ауыл имамдарына арналған семинарға қатысты. Жүздесу барысында бас имам «Ихсан ілімі деген не?», «Ихсан ілімі не үшін керек?» деген тақырыптарда насихат айтып, бұл ілімді жұртшылыққа жеткізудің жолдарын айтты.

Еркебұлан Ыбрайымұлы қазіргі жағдайда онлайн уағыз бен тұрақты дәрістердің тиімді болып тұрғанын алға тартып, аудан имамына әлеуметтік желіде онлайн уағыз айтуды күшейтуді тапсырды. Діни ахуалды оңалту, ағымдармен жұмыстың күн тәртібінен түспейтіні ескертілді. Аудан имамы Сейдахмет Темірбек атқарылатын жоспарлар жайында баяндады. Ол онлайн уағызды өзі жүргізіп бастағанын айтып, бүгінгі тапсырмаларды тиянақты орындауға уәде берді.

Облыс имамы дін қызметінің жауапкершілігі жайында сөз қозғады. Есептен бөлек мониторинг жүргізіліп жатқанын еске салды. Еркебұлан Ыбрайымұлы көктемгі ағаш отырғызу науқанына да өз үлесін қосты. Имамдар мен жамағатқа ризашылық білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру