Жамбыл облысының Жамбыл ауданында ардагерлер арасында волейболдан облыстық жарыс өтті.
Жамбыл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсат Зәкірұлының шақыртуымен ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мен аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Жандос Жұмағұлов турнирге қатысты.
Волейбол жарысында Меркі, Талас, Сарысу, Байзақ, Жамбыл аудандарының ардагерлері бақ сынады.
Спорт адамның рухани әлемі үшін маңызды. Әлсіз әрі қиындыққа қарсы тұруға қауқары жете бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір септігі.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
asyldin.kz
31.03.2021
2844
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру