Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ҚМДБ Өскемен аймағының өкілдігі мен облыстық «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» мекемесі ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Іс-шара барысында ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы мен Шығыс Қазақстан облыстық «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» мекемесінің басшысы А.Нұрғалиев өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
«Асыл дінімізде достық, татулық, бейбітшілік басты орынға қойылған. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда ҚМДБ барынша үлес қосып отыр. Осы бағытта түрлі шаралар өткізу, ынтымақ пен бірлікті насихаттаған бірлескен жұмыстарды үйлестіру бағытында меморандумға қол қойылды. Бұл игі іс өз нәтижесін береді» деп атап өтті Ермек Қасболатұлы.
«Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» мекемесінің басшысы А.Нұрғалиев қазіргі уақытта қоғамдағы татулықты сақтауда Исламның рөлі және имамдардың қызметі аса маңызды екенін алға тартып, бұл бағытта бірлескен шаралар өткізетінін жеткізді.
Салтанатты рәсімге Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің Іс басқарушысы Берік Кәдіров және «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» мекемесінің жауапты мамандары қатысты. Басқосу барысында екі тарап алдағы уақытта ынтымақтастық аясында уағдаласқан шараларды жүзеге асыру жайлы келісті. Бұдан соң А.Нұрғалиев «Халифа Алтай» мешітінің «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысты.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
31.03.2021
2697
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру